jasqazaq.kz

Сауль Альварес ауруxанаға түсті

14 сәуiр 2018, 14:30

Мексикалық боксшы Сауль «Канело» Альварестің тізесіне ота жасалды.

Боксшы өзінің Инстаграм желісіндегі парақшасында фотосын және жасалған отаға түсінік берді. Оның сөзіне қарағанда, шеміршекті қалпына келтіру үшін тізенің артроскопиясы жасалған. Ондайда аяққа көп зақым келмейді. Себебі теріні сәл кесіп, сол арқылы артроскоппен ота жасалады. «3-4 аптадан кейін құлан-таза жазылып шығамын», — деп жазды С.Альварес. Ал мексикалық боксшының промоутері Эрик Гоместің айтуынша, Альварестің тізесінде ісік болған. Ота кезінде соны алып тастады. «Бұл жарақат емес. Головкинге қарсы жекпе-жек өтпейтін болғаннан кейін ота жасауға шешім қабылданды. Әйтпесе, Саульдың мазасы кетіп жүрген. 5 мамырда реванш болған күнде де ол бокстасуға дайын еді. Тізесіне қатты зақым келмеген», — деді Э.Гомес. Айта кетейік, наурыздың басында Сауль Альварес «кленбутерол» атты допинг қолданғаны үшін айыпталды. Себебі ақпан айындағы екі сынамасы оң нәтиже көрсетті. Осыдан кейін АҚШ-тың Невада штатының атлетикалық комиссиясы оған жекпе-жектерге қатысуға тыйым салды. 18 сәуірде негізгі тыңдаулар өтеді. Сол кезде мексикалық боксшы допингті әдейі қолданбағанын дәлелдеуі тиіс. Тыңдаулар әлі өтпесе де, Сауль Альварестің командасы 5 мамыр күнгі реванштан бас тартты. Геннадий Головкин болса, осы күнге қарсылас таба алмай жүр.

ҚазАқпарат

23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді