jasqazaq.kz

Сәуірде қазақстандықтарға қандай вакциналар қолжетімді болады?

14 сәуiр 2021, 17:52

Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Спутник V» вакцинасының бірінші компонентін 435 мың адам алды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Марат Шоранов айтты.

«Коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинация жалғасуда. Бірінші сәуірден бастап вакцинациялауға жататын адамдардың санаттары кеңейтілді. Кестелерді жергілікті атқарушы органдар жасайды. Бүгінгі таңда бірінші компонентпен 435 мың азамат, екінші компонентпен – 107 мыңнан астам қазақстандық егілді», — деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихаты барысында. Оның дерегінше, сәуір айының басынан бастап өңірлерге «Спутник V» вакцинасының 923 мыңнан астам дозасы жеткізілді. «Осы айының соңына дейін 910 мың доза, басқа өндірушілердің 500 мың дозасы және 25 мың «QazVac« вакцинасын жеткізу күтілуде. Бұл елдің шамамен 2 млн азаматына вакцинациялаудың қолжетімділігін қамтамасыз етеді»,- деді Марат Шоранов.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия