jasqazaq.kz

Сауда үйінің кассасына қарақшылық шабуыл жасалды

10 маусым 2020, 13:56

Батыс Қазақстан облысында ірі сауда орнының бір дүкенінің кассасынан ақшаны қорқыту арқылы ұрлап кеткен күдікті ұсталды.

29 мамыр сағат 11.50 шамасында бойы шамамен 160-170 см болатын, арық денелі, азиат нәсілді белгісіз адам қарақшылық шабуыл жасады. Бет жүзін тұмшалап, қара бетперде киіп, киімдерінің жағасын көтеріп алған. Ол жан-жағында кісі аз екенін байқап, “Зачаганск” ауданындағы бір ірі сауда орынының 2-қабатында орналасқан “Быстрые деньги” кассасының жұмысына пышақ көрсетіп, қорқытқан.

Кассир бойжеткеннің зәресін ұшырып, кассада жиналған 113 мың теңгені және бес литрлік қауырсын ыдысқа салынған темір монеталардан жиналған 10 мың теңгені, “Айфон” маркалы ұялы телефонның наушнигін алып, қашып шыққан.

Кассир полицияға телефон соғып, қарақшылық шабуыл жасалғанын, пышақ ұстаған бейтаныс ер адамның кассадағы ақшаны алып қашқанын айтып берген. 1994 жылғы Л. есімді қызметкерге 122 мың теңге көлемінде материалдық шығын келген еді. Осы оқиғаның ізін суытпау үшін Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті мен Орал қалалық ПБ және Шаған Пб жауапты тәртіп сақшылары іздестіру шараларын дереу қолға алды. Қарақшылық шабуыл жасалған орыннан бейнежазбалар алынды.

Кәсіби шебер жедел уәкілдер көп кешікпей кассаны тонаған Д. есімді күдіктіні ұстады. Ол 1995 жылғы, еш жерде жұмыс жасамайтын, Орал қаласының тұрғыны. Бұған дейін қылмыстық жауапкершілікке тартылмағаны анықталды.

Жедел уәкілдердің алдына келген күдікті кассаны тонағанын, өмір сүру үшін қаражат керек болғасын осындай қылмысқа барғанын толықтай мойындады. Бүгінгі күні күдікті Орал қ.ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айғақ заттар мен бейнетаспа алынды.

Бүгінгі күні Шаған Пб ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабының 2-бөліміне сай қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер істі тергеп жатыр.

Ақпарат көзі Polisia.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық