jasqazaq.kz

Сауда орталығындағы бутиктен парфюм ұрламақшы болған (видео)

29 тамыз 2018, 17:31

Астанада куәгерлер «Хан Шатыр» сауда орталығында болған жағдайды видеоға түсіріп алды. Видеоға күзетшілердің ұрыны ұстаған сәті түсірілген.

Tengrinews.kz    жазғандай, «26 тамызда ер адам сауда орталығындағы бутиктердің бірінен парфюм ұрламақшы болған. Бутиктің күзет қызметкерлері сауда орталығының күзетшілерімен біріге отырып ер адамның бұл әрекетіне тосқауыл болған. Видеода ер адамның ұсталған сәті түсірілген», — делінген «Хан Шатыр» сауда орталығы әкімшілігіндегілердің сауалға берген жауабында. Әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ешкім зардап шеккен жоқ. Бутик иесіне материалдық шығын өтелген. Астана қалалық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, астаналық 24 жастағы жігіт ұсталды. Ол бутиктердің бірінің витринасында тұрған парфюмді алып, сөмкесіне салған. Сол кезде сауда орталығынан шығып бара жатқан сәтте оны күзетшілер ұстаған. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Заттай дәлелдер тәркіленді. Ер адамның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталып жатыр», — деп хабарлады қалалық ІІД баспасөз қызметіндегілер.

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді