jasqazaq.kz

Сауда орталығында босанды

09 қазан 2021, 17:32

«Шымкент плаза» қызметкерлері мамандықтарын өзгертіп акушер болуға мәжбүр болды. Бұл туралы Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бүгін аталған сауда орталығында сағат екілер шамасында 27 жастағы келіншек босанды. Ал мекеме қызметкерлері алғашқы көмек көрсетіп, қыз баланың өмірге келуіне септігін тигізді.

Олардың айтуынша, аяғы ауыр келіншектің өзі де бұлай тез босанамын деп ойламаған көрінеді. Айта кетейік, бұл «Шымкент Плаза» сауда үйінде дүниеге келген екінші сәби.

Айгүл Ташбенбетова, HR менеджер: «Осы жерде босанды. Қыздің өзі де білмеген шығар. Сондай жағдай болатынын. «Шымкент Плазадағы» бұл екінші рет. Ал кинотеатрда бірінші рет. Кішкене қобалжып тұрмыз әрине. Стресс, шок. Күтпеген жағдай болды енді. Анасы да күтпеді, біздің әріптестермізде күтпеді», — дейді HR менеджер Айгүл Ташбенбетова.

Киім ауыстыратын бөлмеде дүниеге келген нәресте тез арада қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілген. Салмағы 3 келі, бойы 54 см. Ақ халаттылардың айтуынша, ана мен баланың қазіргі жағдайы жақсы.

Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бақытжан Позиловтың айтуынша, жағдайы жақсы. «Тез арада реанимация бригадасы жіберілді. Артынша кюезі бар арнайы бригада жіберілді. Анасы мен баласына алғашқы көмек көрсетіліп қалалық перинетальдық орталыққа жеткізілді. Өйткені ол ең жақын орналасқан аурухана. Қазір жағдайы жақсы. Қалалық босану үйіне тасымалдау бойынша сұрақтар шешіліп жатыр», — дейді басқарма басшысы.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия