jasqazaq.kz

Сауд Арабиясы қазақстандықтарға виза бермейтін болды

28 ақпан 2020, 11:15

Сауд Арабиясының туризм министрлігі коронавирусқа байланысты жеті елдің азаматтарына электронды туристік визаларды беруді уақытша тоқтата тұру туралы шешім қабылдады, деп хабарлады Сауд Арабиясының SPA ақпарат агенттігі.

«Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында Қытай, Жапония, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, Италия және Қазақстан азаматтарына электронды туристік визалар беру тоқтатылды. Сауд Арабиясының әуежайларына келген кезде бұл елдердің азаматтары туристік визаларды ала алмайды», — делінген хабарламада. Сонымен қатар аталған елдердің азаматтары бұрын алған туристік визаларын пайдаланып, Сауд Арабиясына кіре алмайды. Сауд Арабиясының билігі бұлар өзгерістерді «уақытша шаралар» деп отыр. Электрондық туристік виза алуға құқығы бар басқа 40-тан астам елдің азаматтары бұрынғыша бұл мүмкіндікті пайдаланып, елге кіре алады. Айта кетсек, кеше Сауд Арабиясына қажылыққа бару тоқтатылғаны хабарланған болатын.

24.kz

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия