jasqazaq.kz

Сауд Арабиясы 1 қарашадан бастап кіші қажылыққа келушілерді қабылдай бастайды

23 қыркүйек 2020, 22:40

1 қарашадан бастап Сауд Арабиясы кіші қажылыққа қажыларды қабылдай бастайды. Бұл туралы zakon.kz хабарлайды.

24.kg ақпарат агенттігінің хабарлауынша, ел билігі әл-Харам мешітіне (әлемдегі басты және ең үлкен мешіт, оның ауласында исламның басты қасиетті орны — Қағба бар) баруға қойылған шектеулер біртіндеп алынып тасталатынын хабарлады.

Шектеу кезең-кезеңмен жойылады. 4 қазаннан бастап әл-Харам мешітіне Сауд Арабиясының тұрғындары ғана бара алады, күніне 6 мыңға жуық адам. 18 қазаннан бастап жергілікті қажылар саны 15 мыңға дейін артады. Ал 1 қарашадан бастап эпидемиологиялық жағдайға байланысты шетелдіктерге де кіші қажылыққа рұқсат беріледі.

Естеріңізге сала кетейік, Сауд Арабиясы биыл пандемияға байланысты қажылыққа тыйым салды.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия