jasqazaq.kz

Сауалнамаға қатысқан қыздардың 17%-ы жүкті болғанын айтты

11 наурыз 2020, 17:36

Елімізде сауалнамаға қатысқан 16-19 жас аралығындағы қыздардың 17%-ы бұрын жүкті болғандарын айтса, оның ішінде 40 пайызы жасанды түсік жасатқан. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласында өткен «Қазақстан Республикасында балалар мен жастар арасында жыныстық ағартуды дамыту мәселесін талқылау. Бүгінгі шындығы және келешегі» атты дөңгелек үстелде айтылды.

«2018 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Қазақстандағы Халықтың қоныстану саласындағы қоры жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығына қатысты әлеуметтік зерттеу жұмысын жүргізген. Сауалнамаға Қазақстандағы 16-19 жас аралығындағы 4 мыңнан астам жасөспірім қатысқан. Сауалнама қорытындысы бойынша, жасөспірімдердің үштен бір бөлігі жыныстық қатынас тұрғысынан белсенді екені анықталған. Осы белсенді топтың 21%-ы кәмелеттік жасқа толмай жатып жыныстық қатынасқа түскені анықталды», — дейді БҰҰ-ның Қазақстандағы Халықтың қоныстану саласындағы қорының қоғаммен қарым-қатынас бойынша қызметкері Дина Телтаева. Оның айтуынша, сауалнамаға қатысқан қыздардың 17 пайызы бұрын жүкті болғандарын айтқан. «Сауалнамаға қатысқан қыздардың 17%-ы бұрын жүкті болғандарын айтса, оның ішінде 40 пайызы жасанды түсік жасатқан. 43%-ға жуық жасөспірім бірнеше адаммен жыныстық қатынаста болғанын айтқан. Жалпы алғанда, еліміздің тұрғындары жыныстық қатынасқа он алты жарым жастан бастап түсе бастайды», — дейді ол. Сондай-ақ, маман жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығын жақсарту үшін үш нәрсе қажет екенін айтты. «Біріншіден, мектеп бағдарламасына жыныстық сауат туралы пән енгізу керек. Екіншіден, жасөспірімдерге өз денсаулығын қорғау мақсатында емханаға барып, кеңес алуға болатын медициналық қызмет түрін енгізу керек. Жыныстық тұрғыда белсенді жастарға қорғанатын заттардың қолжетімді болуын қамтамасыз ету керек. Жыныстық қатынасқа түсетін бозбала мен бойжеткенде қорғана алу құқығы болуы керек. Олай етпеген жағдайда жасөспірімдерге жыныстық жолмен әртүрлі аурулар жұқтырып алу қаупі туады», — дейді ол.

ҚазАқпарат

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия