Қайрат Сатыбалдыұлы және Қайрат Боранбаевқа қатысты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.
«2022 жылғы 12 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты.
2022 жылғы 10 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Қайрат Боранбаевқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі санкцияланған бұлтартпау шарасының мерзімін 1 ай мерзімге ұзартты», — делінген елордалық сот хабарламасында.