jasqazaq.kz

Сатушыны пышақтап тастады (видео)

27 наурыз 2019, 18:38

Оралдағы ұялы байланыс салонына жасалған шабуыл туралы тың деректер шықты. Желіде жарияланған видеода дүкенге келуші сатушыға бірнеше рет пышақ сұққаны көрінеді.

31 жастағы кәсіпкер әлі де ауыр жағдайда жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Видеодан 23 наурызда «Мобильник» ұялы байланыс салонына ер адамның кіргенін көруге болады. Ол сатушымен сөйлесіп, телефондар мен оның аксессуарларын көрсетуді сұрайды. Сатушы артқа бұрыла бергенде қаскүнем пышағын шығарып, беліне бірнеше рет сұққан. «Оған дейін қылмыскер дүкенде 40 минут бойы жүрген. Телефон таңдап жатқандай болыпты. Ол сатушының арқасынан екі рет пышақтап, қарап тұрған телефонын алған да, қашып кеткен. Ер адам осындай қылмысы үшін үш рет сотталғанын білдік. Ол бұл шабуылға дайындалған», — деді зардап шегушінің танысы Владимир.

31 жастағы сатушы қалалық көпсалалы аурухананың жан сақтау бөліміне жеткізілді. Дәрігерлер оның өмірі үшін төрт сағат бойы арпалысты. Пациенттің қолқасы зақымданып, көп қан жоғалтқан. «Науқасқа ота жасалды. Жағдайы ауыр. Хирургия бөліміне ауыстырылды. Өзіне келді, өзі дем ала алады», — дейді қалалық көпсалалы аурухана директорының орынбасары Бақтияр Ташкенбаев. Полицияда ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы, 1-бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ұсталған күдікті полиция басқармасында уақытша ұстау изоляторына орналастырылды.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда