jasqazaq.kz

Сатқан көлігін ұрламақ болды

01 шiлде 2019, 16:31

Оралда автокөлікті айдап кетпек болған ресейлік азамат қолға түсті. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше сағат 14.00-де Зачаган кентінде М.Мөңкеұлы көшесі, 85/2 үйдің жанында болған.

Белгісіз біреу оралдық 1992 жылғы тұрғынға тиесілі, 2018 жылы шығарылған, ақ түсті «Киа-Рио» автокөлігін (мемлекеттік нөмірі Х 087 ОВ 56-рус) айдап кеткен. Жедел іздестіру шаралары барысында 20 минуттан кейін Орал қаласы полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері аталған автокөлікті Айталиев көшесі бойынан ұстады. Оның рулінде еш жерде жұмыс жасамайтын, көрші елде тұратын 1977 жылғы ресейлік азамат болған. Автокөлік иесіне қайтарылды. Аталған оқиға бойынша ҚР ҚК 200-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл бап бойынша айыпты деп танылған күдікті 1 мың АЕК-ке дейінгі көлемде айыппұл салынуы не сол мөлшерде түзеу немесе 600 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тартылуы не 2 жылға дейін бас бостандығынан шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. Бір қызығы, ресейлік азамат содан екі күн бұрын осы автокөлігін сатқан. Сосын қосалқы кілтімен келіп, қайта айдап кетпек болған.

ҚазАқпарат

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда