jasqazaq.kz

Сәтбаевтағы тәртіпсіздік: бірнеше көлік өртенді

24 шiлде 2020, 9:54

Сәтбаев қаласындағы оқиғаның мән-жайын белгілі болды. Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.

Жоғалған қызды іздеу барысында ашуланған тұрғындар полиция ғимараты маңындағы көлікті өртеген.

Сәтбаевта тәртіпсіздіктер түні бойы болған. Куәгерлердің айтуынша, адамдар баланы ұрлады деген күдікке ілінген адамда жазаға тартуды сұраған. Алдымен олар күдікті тұратын подъезді қоршап алған. Кейін жергілікті полицияның ғимаратына барған. Ғимарат маңында ашулы топ бірнеше көлікке жандырғыш қоспаларды лақтыра бастаған. Салдарынан бірнеше автомобиль жанып кеткен.

Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда қалада жағдай тұрақтанған. Сәтбаевқа облыс әкімі Жеңіс Қасымбек бара жатыр.

«Бүгінде қаладағы жағдай тұрақты. Күдіктіні полиция ұстады. Тұрғындар үйіне кетті. Сәтбаевқа облыс әкімі бара жатыр. Құқық қорғау органдары істі тергеу үшін бар күшін салады. Тұрғындарды әртүрлі арандатуға сенбеуге шақырамыз», — дейді Қарағанды облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Марина Шаповалова.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия