jasqazaq.kz

Сәтбаевта қаңғыбас иттер 6 жасар қызды талап тастады

16 қараша 2020, 14:54

Сәтбаев қаласының әкімдігінің мәліметі бойынша, иттер талап қайтыс болған 6 жасар қыздың отбасы қамқоршы және полиция органдарының есебінде тұрған.

Отбасында 6 жасар қыздан бөлек екі бала бар. Бүгінде олар «Қамқор» әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды.

«1993 жылғы әйел адам бірге тұратын адамымен және үш баламен қала шетіндегі саяжайда тұрған. Қолайсыз отбасы ретінде полиция есебінде болған. Бұл отбасы білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің бақылауында. Бүгінде екі бала «Қамқор» әлеуметтік оңалту орталығына уақытша орналастырылды. Қайғылы оқиға болған күні марқұм таныс әжесінің жанында болған», — дейді әкімдік өкілдері.

Әжесімен бірге жүрген қыз көшеге жалғыз қыдырып кеткен. Жергілікті атқарушы органдардың мәліметінше, оқиға сол сәтте болған.

Қайғылы оқиға болғаннан кейін әкімнің орынбасары Дәуір Жүнісбеков марқұмның отбасына барып қайтқан. Қаладағы ветеринарлық станция қаңғыбас жануарларды аулау мен атуды жүйелі түрде жүргізіп жатқанын хабарлады.

Tengrinews.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық