jasqazaq.kz

Сәтбаев қаласында көлік жүргізушісі тірідей өртеніп кетті (Видео)

26 қазан 2022, 11:01

 

Сәтбаев қаласында жол-көлік оқиғасы салдарынан көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Әлеуметтік желіде өртеніп жатқан көліктің видеосы пайда болды.

Ұлытау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 қазанда Жезқазған – Есіл – Петропавл тасжолында Сәтбаевтан Жезқазған қаласына шыға берісте болған.

«Алдын ала мәлімет бойынша, «Мерседес» көлігінің 58 жастағы жүргізушісі рөлге ие бола алмай, қала атауы жазылған аркаға соғылған. Жол-көлік оқиғасы кезінде көлік өртеніп, жүргізуші оқиға орнында қаза тапты», — делінген хабарламада.

Аталған дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Қазіргі кезде тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр