jasqazaq.kz

Сәтбаев қаласына қар жауды

05 қазан 2020, 12:45

Қарағанды облысы Сәтбаев қаласында алғашқы қар жауды. Қалада жылу бүгін беріледі

Бүгін 5 қазан, таңғы сағат 8:30-дар шамасында басталған қардың арты бұрқасынға айналған. Табиғаттың тосын сыйының арқасында жер ақ мамыққа оранды. Дәл қазіргі уақытта қалада ауа райы +3 градусты көрсетіп тұр. Биылғы жылы кеншілер қаласына қар жылдағыдан әлдеқайда ерте жауды. Мамандардың айтуынша, жылда қалада жылыту маусымы қазанның онында басталатын, алайда биыл күннің ертерек суытуына байланысты бүгін тұрғын үйлерге жылу жіберу қарастырылып жатыр.

«Құрметті қала тұрғындары, жылу қазандығы іске қосылды. Бүгін жылу беріледі», — делінген жергілікті коммуналдық қызметке жауапты органның таратқан хабарламасында.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия