jasqazaq.kz

Сарыағаштағы пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрланған

11 қараша 2021, 11:22

Түркістан облысының полицейлері Сарыағаштағы пошта бөлімшесінен 35 миллион теңге ұрлаған күдіктіні ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-не пошта бөлімшесінің қызметкері белгісіз біреулер мекемеге тиесілі 35 миллион теңгені ұрлап кеткенін айтып, арызданған. Бұл деректі полицейлер ҚР ҚК-нің 190-бабы «Алаяқтық» бойынша тіркеген.

Көрсетілген мекен-жай бойынша оқиға орнына барған тәртіп сақшылары бейнебақылау камераларындағы жазбаларды мұқият тексеріп, басқа заттай дәлелдемелерді зерттеді. Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері пошта қызметкерлерінің бірі болып шыққан күдіктіні анықтады.

Сондай-ақ, тергеу барысында жедел уәкілдер күдіктіге қылмыс жасауға көмектескен оның екі серіктесін анықтады. Олардың бірі — жергілікті тұрғын, ал екіншісі — Семей қаласының тұрғыны.

Пошта қызметкері екі серіктесімен бірге алдын ала келісіп, алаяқтық жолмен мекеме қорынан ақша ұрлап, оны өз шотына аударған. Ұрланған ақшаны өзара бөліскен.

Қазір бұл қылмыс бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің үшеуі де қамауға алынды. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында анықталады.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде