jasqazaq.kz

Сарыағашта мектеп директоры мұғалімдерге гольф алаңын тазалатқан

14 қыркүйек 2021, 15:33

Оқу жылының басынан ҚР Білім және ғылым саласында сапаны қамтамасыз ету комитетіне азаматтардан 70-ке жуық өтініш келіп түсіп, білім беру саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің қызметкерлері шаралар қабылдады, деп хабарлайды zakon.kz ҚР БҒМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Түркістан облысы Сарыағаш ауданы Б.Омаров атындағы №50 мектеп мұғалімдері мектеп директорының міндетін атқарушы оларды курорттық аймақта гольф алаңын тазалау жұмысына тартқаны үшін шағымданды. Мәселенің мән-жайы анықталғаннан кейін лауазымды тұлға қызметінен босатылды.

Түркістан облысында балабақша тәрбиешісі қызметінен заңсыз босатылған, алайда әкімдіктің білім басқармасы оның құқығын қалпына келтіру бойынша шаралар қабылдамаған. Білім саласында сапаны қамтамасыз ету жөніндегі аумақтық департаменті қызметкерлерінің араласуынан кейін ғана тәрбиеші бұрынғы жұмысына қайтып оралды.

Атырау облысында педагогикалық этика ережелерін бұзғаны үшін Қ. Ахмедияров атындағы орта мектептің мұғалімі жұмысынан босатылды.

Алматы облысында департамент қызметкерлері мұғалімнің өтінішінен кейін шаралар қабылдады. Өтініште мұғалім білім беру ұйымдарында ақша жинау және оларға тән емес функцияларға тарту фактілері туралы хабарлаған. Мәселе қаралғаннан кейін Текелі қаласындағы №6 орта мектебінің директорын қызметінен босату туралы шешім қабылданып, осыған ұқсас фактілер расталды. Сонымен қатар Текелі қаласы әкімдігінің білім бөлімі басшысының м.а. тәртіптік жауапкершілікке тарту ұсынылды.

Педагогтердің құқықтары мен заңды мүдделерінің ең көп бұзылуы Түркістан және Алматы облыстарында байқалады.

Сонымен қатар әлеуметтік желілерде иммунизациялау шаралары бойынша тізім жасау туралы құжат жарияланды. Мұндай ақпаратты жинау жөніндегі бұйрық ҚР БҒМ-мен қарастырылмаған. Аудандық білім бөлімінің басшысы тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрінің тапсырмасы бойынша әр облыста педагогикалық әдеп жөніндегі комиссиялар құрылды, олар педагогтердің құқықтарын бұзу бойынша өтініштер мен фактілерді жедел қарайды.

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия