jasqazaq.kz

Сарыағашта қылмыстық топ ұсталды (видео)

25 ақпан 2020, 10:21

Түркістан облысында ақша бопсалаған қылмыстық топ құрықталды. Бұл туралы облыстық полиция департаментіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлады. Өңірлік полиция мен ұлттық қауіпсіздік комитеті қызметкерлері Сарыағаш қаласындағы «Қапланбек» шекара өткізу бекетінде ұзақ уақыт бойы ТМД жүк тасымалы жүргізушілерінен 15 мыңнан 50 мың теңгеге дейін ақша бопсалаған «Сарыағаш» қылмыстық тобын құрықтады. «Өзбекстанға жол жүрген азаматтар ақша беруден бас тартқан жағдайда қылмыстық топ оларды қорқытып, ұрып-соғып, көлігінің алдыңғы әйнегін сындырып, дөңгелектерін тесіп кеткен. Операция барысында жедел уәкілдер күдіктілерді тұрғылықты жерінен ұстады. Барлығы 13 күдікті анықталды. Ұсталғандардың бәрі — Түркістан облысының тұрғындары» делінген хабарламада. Қазіргі уақытта аталған фактілер негізінде Қылмыстық кодекстің 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдіктілер қамауға алынды. Айғақ ретінде қару, пышақ және ақша алынды. Полиция қызметкерлері қылмыстық топтың басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.

https://youtu.be/865AJ16hVtw

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия