jasqazaq.kz

Сарыағашта әйел қызын 17 адам зорлағанын мәлімдеді

31 қазан 2021, 21:36

Сарыағаш ауданында ана қызын 17 ер адам зорлағанын мәлімдеді, — деп хабарлайды Tengrinews.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде Сарыағаш ауданында 17 ер адам қызды зорлағаны туралы ақпарат тарады. Журналист Амангелді Батырбеков әйелдің редакцияға жазған үндеуін жариялады.

Полиция әйелдің өтініші бойынша түсінік берді.

«Сарыағаш ауданының тұрғыны полицияға 25 мамырда жүгінген. Ол 17 жастағы қызын белгісіз біреулер ұрлап кеткенін мәлімдеді. Аталған дерек ҚР ҚК-нің 125-бабы «Адам ұрлау» бойынша СДТБТ-де тіркелді. 2004 жылғы қыз жұмысқа барып, кейін жоғалып кеткені анықталды. Осыған байланысты полиция қызметкерлері барлық қажетті жедел-іздестіру шарасын жүргізді, нәтижесінде оны бір тәулік ішінде тауып, ата-анасына қайтарды», — деп хабарлады полицияның баспасөз қызметі өкілдері.

Бір аптадан кейін, 31 мамырда, әйел тағы да полицияға барып, ұрлық дерегі бойынша қылмыстық қудалауды тоқтату туралы нотариалды куәландырылған өтініш жазған.

«10 маусымда ауыл тұрғыны полицияға қайта жүгінді. Бұл жолы бір топ адам, атап айтқанда 17 ер адам қызын зорлағанын мәлімдеді. Бұл өтініш ҚР ҚК 120-бабы 3-бөлігі бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды. Сот-медициналық сараптама қызметкерлері зорлық-зомбылық дерегін жоққа шығарды. Сондай-ақ, жәбірленушінің анасы қызының киімін өртеп жібергені анықталды. Осыған байланысты сарапшылар сараптама жүргізе алмады», — деп толықтырды аймақ полициясының баспасөз қызметіндегілер.

Бүгінгі таңда соталды тергеумен облыстық ПД тергеу басқармасы айналысып жатыр. Сараптама кешені тағайындалды. Олардың нәтижесі бойынша заңды процестік шешім шығады.

17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр