jasqazaq.kz

Сарыағаш тұрғыны үйінде 10 келі есірткі сақтаған

14 қантар 2019, 12:15

Түркістан облысында жергілікті тұрғыннан 10 келіден аса марихуана тәркіленді. Күдікті есірткі затын полиэтиленді пакеттерге орап, жертөлеге жасырып келгені анықталды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарлауынша, сезікті Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының қызметкерлері мен Сарыағаш АПБ бірлесіп жүргізген жедел-іздестіру шарасы барысында ұсталған. Оның үйін тінту кезінде марихуанаға ұқсас есірткі заты табылған. Сараптамаға сәйкес, бұл жалпы салмағы 10 кг-нан аса марихуана екені анықталған. «Аталған жайт ҚР ҚК 296-бабының 4-бөлігіне сәйкес «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» қылмысы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Күдікті қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізілуде. Қазір полицейлер күдіктінің ірі мөлшерде есірткіні қандай мақсатта өзінде сақтағанын анықтауда», делінген хабарламада. Айта кетейік, Түркістан облысы Полиция департаментінің есірткіге қарсы күрес басқармасымен өткен жылы 6 тоннадан аса есірткі затының заңсыз айналымы тәркіленді. 20-ға жуық есірткі заттарды сақтау деректері анықталған.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық