jasqazaq.kz

Сарыағаш шипажайында өз-өзін өлтірмек болды

09 желтоқсан 2019, 16:31


Елордадан Түркістан облысына демалуға барған жігіт шипажайлардың бірінің балконынан секіріп кетпек болды.

Сарыағаш аудандық полиция бөліміне сағат шамамен 22:20-да жергілікті шипажай мекемесінің директоры хабарласқан. Ол белгісіз жас жігіт суицидке бармақ болып, балконнан секіруге оқталып тұрғанын айтқан. Ақпарат түсісімен шипажайға учаскелік полиция инспекторлары дереу жеткен. «Полицейлер төртінші қабаттағы бөлмелердің бірінің балконында өзінің тамағын тіліп жіберген және екі қолына шыны сынықтарын ұстап тұрған жас жігітті көрген. Сондай-ақ ол балконнан секіретінін айта бастаған. Полицейлер уақыт жоғалтпай, шұғыл әрекетке көшкен. Учаскелік полицейлер жігітті сөзге айналдырып тұрғанда, келесі балконнан Сарыағаш АПБ-нің жедел уәкілдері секіріп түсіп, оны құлаудан құтқарып қалды. Оған алғашқы медициналық жәрдем көрсетіп, дәрігерлерді шақыртты», — деді Түркістан облыстық Полиция департаментінен. Анықталғандай, 19 жастағы жігіт өзіне ем қабылдау үшін анасымен бірге Нұр-Сұлтан қаласынан Сарыағашқа барған. Орналасқан туыстарының үйі шипажайға жақын жерде болған. Кешкісін барлығы ұйықтап қалғанда, ол ешкімге білдіртпестен үйден шығып кеткен. Солай, шипажайға келіп, бос номердің біріне кірген. Бөлмеде алма салатын вазаны сындырып, соның сынықтарымен өз-өзін өлтірмекші болады. Қазір ол ауруханада жатыр.

 inform.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда