jasqazaq.kz

Сарыағаш ауданында жеті жасар қыз жоғалып кетті

27 наурыз 2018, 17:32

Оңтүстік Қазақстан облысы, Сарыағаш ауданында жеті жасар қыз жоғалып кетті. Бірінші сыныпта оқитын Инабат Мұхтарқожа Ақниет ауылындағы нағашыларына қыдырып келген екен.
ҚазАқпарат хабарлағандай, жеткіншектің анасы Ақбота Кәукешованың айтуынша, кішкентай Инабат кеше 26 наурыз күні күндізгі сағат 13.00 мен 14.00 арасында табылмай қалған. «Өзіміз Арыс ауданына қарасты Қожатоғай ауылында тұрамыз. Қызымыз нағашыларына қыдырып келген еді. Сол күні есіктің алдына ойнап жүрген екен. Солай шығып кеткен ұқсайды. Жарты сағаттың арасында жоқ болып кеткен. Қазір бәріміз осында келіп іздеп жатырмыз. Қандай да бір болжам да жасай алмай отырмыз. Еш хабар жоқ. Ақыл есі жақсы. 2010 жылы туған 1-сыныпта оқиды», — дейді анасы. Туыстары жеткіншектің жоғалғаны туралы тәртіп сақшыларына да хабар беріпті. Олар да іздестіріп жатқанын айтады. «Сол күні ақ полицияға хабар бердік. Қазір олар да іздеу шараларын жүргізіп жатыр. Жергілікті арнаға да көмек сұрап бардық»,- дейді Ақбота Кәукешова.

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық