jasqazaq.kz

Сары нөмірлі көлікті басқа адамның басқаруына бол ма?

16 маусым 2020, 18:17

Осы айдың басынан бастап Қазақстанда Армениядан әкелінген 2 мың автокөлік тіркелді.

«Ішкі істер министрлігі осы жылдың 1 маусымынан бастап біздің азаматтарымыздың Армениядан әкелген көлік құралдарын тіркеу бойынша жұмыстарды жүргізуде. Алғашқы екі аптада 2 мыңнан астам автокөлік тіркелді. Тіркеу басым көпшілігі – елдің батыс аймақтарында. Республикадағы барлық тіркеудің жартысынан көбі Ақтөбе, Атырау, БҚО және Маңғыстау облыстарының үлесіне келеді», — деді ҚР Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов ОКҚ-да «ҚР азаматтары Армениядан әкелген автомобильдерді тіркеу туралы» тақырыбында өткен баспасөз мәслихатында.

ІІМ өкілінің айтуына қарағанда Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу рәсімі өте қарапайым әрі ол азаматтардан көп уақытты талап етпейді.

«Тіркеу шарттары мен көліктерге қойылатын талаптарға келер болсақ, олар барынша оңай жасалған. Нақты талаптарға тоқталсақ, тіркеуге – Арменияның жауапты органдарында Қазақстан азаматтарының атына 2020 жылдың 1 ақпанына дейін жазылған көліктер жатады. Көлік тек сатып алған сол көліктің иесінің атына ғана тіркеледі. Сенімхат немесе сақтандыру полисі арқылы мініп жүрген адамдардың атына көлік тіркелмейді. Себебі олар заң жүзінде автокөліктердің иесі емес. Десе де, сақтандыру полисі арқылы мұндай санаттағы көлікті басқа біреудің басқаруына беруге болады», — деді Серік Түсіпов.

21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі