jasqazaq.kz

«Сары нөмірлі» көліктерді сатып алған қаншалықты дұрыс?

05 ақпан 2020, 14:05

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов Армения мен Қырғызстанның мемлекеттік нөмірімен жүрген көліктерді уақытша тіркеу тәртібіне қатысты пікір білдірді. Мұны Tengrinews.kz хабарлайды. Қазақстанның ішкі істер министрлігі шетелдік нөмірмен жүрген көліктер үшін 2021 жылдың 1 наурызына дейін кедендік және утилизациялық алымды төлемеуге рұқсат берген. Бірақ мұндай көлікті тіркеуге қою қажет. Уақытша тіркеу 1 ақпанда басталған болатын. Сонымен қатар ведомство өкілдері мұндай көлігі бар жүргізушілеріне «18» деген сары түсті мемлекеттік нөмір тағылып, уақытша құжат берілетінін айтқан болатын. «Сары түсті нөмір көліктің толық тіркеуден өтпегенін көрсетеді. Мысалы, сіздің досыңыздың шетелдік нөмір таққан көлігі бар. Сіз оны сатып алғыңыз келді дейік. Ол сізге «Біз бір-бірімізді жақсы танимыз. Сізді сақтандыру полисіне тіркейін, тек 5 миллион теңге берсең жеткілікті, көлікті ала бер» дейді. Ол сізге темір тұлпардың кілтін, техникалық паспортты береді. Сіз оған 5 миллион теңгені беріп, көлікті сатып аласыз. Осылайша, қалада емін-еркін жүре бересіз. Кейін көліктің кедендік баж салығын төленбегенін білесіз. Алайда көлік үшін ақшаны төлеп қойдыңыз», — дейді әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Серік Түсіпов. Осы орайда ол қазақстандықтар мұндай қадамға бармауы үшін мемлекет арнайы шараны қолға алғанын жеткізді. «Енді адамдар мұндай нөмірі бар көлікті көрген кезде оның тіркеуден толық өтпегенін түсінеді. Сондықтан мұндай көлікті сатып алмай тұрып жақсылап ойланады», — дейді комитет төрағасының орынбасары.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия