jasqazaq.kz

Сары ауру жұқтырған оқушылардың саны артып жатыр

22 қантар 2018, 23:12


Қарағандыдағы мектепте сары ауру жұқтырған оқушылар саны артып жатыр. Осыған дейін үш бала осы диагнозбен ауруханаға жатса, бір апта ішінде сол мектептің тағы үш оқушысы дәрігерлер қарауына түсті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Естеріңізге салсақ, Қарағандыдағы №58 орта мектебінде үшінші тоқсан басталасымен 7 сынып оқушысы өзін жайсыз сезінген. Іле шала сыныптасы ауырса, бірер күннен соң 8 ші сынып оқушысы денсалығы сыр берген. Дәргерлер тексерісінен кеін үшеуінен де А гепатиті анықталып, ауруханаға жатқызылды. Осыдан соң мектеп бір күнге жабылып дезинфекциялау жүрген. Алайда, содан кейін де мектептен тағы 3 оқушы ауруханаға түсті. Осыдан кейін ата аналар мектептің тазалығына күмәндандатындарын айтқан. Ал мектеп басшылығы мен дәрігерлер кесел білім ошағына сырттан келді деп отыр.

Наталья Замилова, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің маманы:

— Бұл ауруды мерекелік демалыстардан кейін мектепке оқушы жұқтырып келуі мүмкін. Өйткені бірінші баладан ауру анықталған соң ақ, мектепке залалсыздандыру жұмыстары жүрді. Ал бірінен біріне жұққан ауру ағзада сақталып тұра береді. Қазір барлық бала бақылауда тұр.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды