jasqazaq.kz

Сары ауру Сарыарқаны бүріп тұр

29 қантар 2018, 22:49

Қарағанды облысында гепатит жұқтырғандар саны артты. Соңғы 3 тәулікте науқастар қатары 17 адаммен толығыпты. Бүгінде 43 тұрғын инфекциялық ауруханада жатыр. Бұл туралы санитар дәрігерлер мәлімдеді. Бұл туралы «Астана» телеарнасы хабарлады.

Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары: 43 науқас емделіп жатыр. Оның 31-і оқушы. Бұл көрсеткіш күн сайын өзгереді. Өйткені химиялық талдау қандағы вирусты бүгін көрсетпесе, ертең көрсетуі мүмкін. Сондықтан науқастармен қарым — қатынаста болған балалар медицина қызметкерлерінің бақылауына алынып отыр. Сырқат адаммен тұрмыстық қарым-қатынаста болған 220 тұрғынға мамандар әлі де қан талдауын жасайды. Өйткені дерттің белгісі оны жұқтырған соң 35 күннің ішінде анықталады. Ауру шыққан 14 мектепке шектеу қойылып, оқушылар кабинеттік жүйеге көшірілген. Алайда, науқастар саны артуы мүмкін екенін дәрігерлер жасырмайды. Елімізде А гепатитіне қарсы вакцина 2008 жылдан бері салынады. Сондықтан оған дейін туылғандарда дертті жұқтыру қаупі жоғары, — дейді. Ал мектеп асханаларында көкөніс пен жеміс-жидектерден 27 сынама алынып, тексеру нәтижесінде үшеуінен гепатит вирусы анықталған. Юрий Залыгин, Қарағанды облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті басшысының орынбасары: Қаладағы «Шығыс» базары мен ірі супермаркеттерді тексеріп, нақты талдау жасап, қорытынды шығару керек. Ол үшін прокуратурадан рұқсат сұрап арнайы хат жолдадық. Жауабын күтіп отырмыз.

Бүгін, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
Бүгін, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды