jasqazaq.kz

Сардоба су қоймасы апатының себептері айтылды

28 шiлде 2020, 11:48

Өзбекстан Республикасының Бас прокуратурасы Сардоба су қоймасында болған оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасады. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.

Биыл 1 мамырда «Сардоба» бөгетінің бұзылуы салдарынан үлкен аумақтағы елді мекендерді су басқандықтан, Өзбекстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 207 және 258-баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде. Су қоймасы 2010-2017 жылдары салынған, оған мемлекеттік бюджеттен 1,2 трлн. сум жұмсалған.

Алдын-ала тергеу кезінде келесі негізгі болжамдар қарастырылды: жобалаудағы қателер, құрылыс талаптарының сақталмауы, пайдалану кезіндегі кемшіліктер, табиғи апат. Сараптама қорытындысына орай, су қоймасының бөгетінің құлауына келесі факторлар себеп болған:

1. Жобалық құжаттамадағы қателіктер мен кемшіліктер. Су қоймасының техникалық-экономикалық негіздемесі тиісті сараптамадан өтіп, бекітілгеннен кейін, жобалаушы өз бетімен оған өзгерістер енгізген.

2. Құрылыстағы қателіктер мен кемшіліктер. Бөгеттің корпусын құрайтын топырақтың тығыздығы жобалық талаптарға қарағанда төмен және топырақ бөгде заттардан тазартылмаған, олар шіріп, орнында қуыс пайда болған, қорғаныш қабатына төселген тастардың диаметрі жобалық өлшемдерден бірнеше есе үлкен әрі жобаға сай қалың етіп төселмеген, ірі тастардың арасына ұсақ тастар төселмеген.

3. Пайдаланудағы қателіктер мен кемшіліктер. Пайдалану процесіне байланысты елеулі материалдық және материалдық емес кемшіліктерге жол берілген. Атап айтқанда, су қоймасына қызмет көрсететін «Сардоба су қоймасы нысандарын пайдалану және дамыту дирекциясы» қажетті материалдық-техникалық құралдармен қамтамасыз етілмеген. Сонымен қатар, су қоймасын пайдалануға жұмылдырылған қызметкерлердің 56%-ында қажетті білім (мамандық) болмаған, 82%-ының дағдысы мен тәжірибесі жоқ. Соның салдарынан су қоймасына сапалы қызмет көрсетілмеген. Қазіргі уақытта 9 адам ӨР Қылмыстық кодекстің 167, 205, 207, 209, 258- баптары бойынша жауапқа тартылып, оларға қатысты қамаққа алу түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылған.

Тергеу органы төтенше жағдайдың себептерін, оған жол берген жағдайларды, кінәлілердің санын анықтау, сондай-ақ келтірілген залалдың орнын толтыруды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр.

Алдын ала тергеп-тексеруді жан-жақты және толық қамтамасыз ету үшін және қылмыстық істің күрделілігі мен ауқымдылығын ескере отырып, Бас прокуратура алғашқы тергеу мерзімін 5 айға ұзартты.

Бүгін, 17:35
Алматыда таулы аумақтарды тазарту бойынша ауқымды экологиялық акция өтті
21 қазан, 16:13
Руслан Айтанов: Экологиялық ахуалды жақсарту – басты басымдық
17 қазан, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
16 қазан, 21:11
Көкжайлау: Алматыдағы экологиялық туризмнің экономикалық әлеуеті
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова