jasqazaq.kz

Сарбаздың менингиттен көз жұмғаны рас па?

28 қазан 2019, 10:47

Атырауда әскери қызметкер менингиттен көз жұмды. Дәрігерлер оны құтқаруға тырысқанымен, мүмкін болмады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасындағылардың сөзінше, 26 қазанда әскери бөлімнің фельдшері облыстық ауруханаға әскери қызметкерді жеткізген. Бұл кезде оның жағдайы ауыр болған екен. Дәрігерлер пациентке алдын ала менингококк инфекциясының тез асқынатын түрі деген диагноз қойыпты.

Ауруханадағылар пациентке қарқынды ем-дом жүргізгенімен, арада 5 сағат өткеннен кейін көз жұмды.

Алдын ала мәлімет бойынша әскери қызметкер 26 қазанда медициналық көмекке жүгінген. Сарбаз әскери бөлімге 16 қазанда келіпті.

«Денсаулық сақтау басқармасы оқиғаны тексеру үшін комиссия құрды. 27 қазанда әскери бөлімде індет тарауына қарсы, профилактикалық шаралар жүргізді. Науқаспен байланыста болғандардың барлығын дәрігерлер тексеріп, антибиотикпен емдеу тағайындалып, жүргізіле бастады. Әскери қызметкермен байланыста болғандардан менингококк инфекциясын жұқтырып алды деп күдіктелгендер анықталған жоқ. медициналық бақылау жүргізіліп жатыр», — делінеді хабарламада.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде