jasqazaq.kz

Сарбаз қарауыл бекетінде өзін-өзі атып жіберген

20 тамыз 2018, 14:23


Степногорскіде әскери борышын жедел өтеп жатқан сарбаз атылып қалды. Ақмола облысының Степногорск қаласында әскери борышын жедел өтеп жатқан сарбаз қарауыл бекетінде атылып қалды.
ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының дерегі бойынша, тамыздың 18-і күні таңғы сағат 7:25 қатардағы жауынгер Роман Данияев түзету мекемесін күзету кезінде өзіне бекітілген қарудан басынан атылып қалды. Ол сол жерде жан тәсілім етті. 21 жастағы жедел әскери қызметкер Қарағанды облысынан әскер қатарына шақыртылған. «Қызметті терргеу тағайындалып, оның мұндай қадамға бару себебі анықталуда. «Орталық» өңірлік қолбасшылығы және 3517 әскери бөлім қатардағы жауынгер Роман Данияевтың туыстарына көңіл айтады», деп түсіндірді ҚР Ұлттық ұлан гвардиясы «Орталық» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметінің жетекшісі Қанат Дос. Оның айтуына қарағанда, қаза болған жауынгердің ата-анасына бірден хабар беріліп, денесі туған жеріне жеткізілді. Кеше оны ақтық сапарға шығарып салды.

ҚазАқпарат

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді