jasqazaq.kz

Сарапшы: Қазақстанға баламалы қуат көзімен айналысатын мемлекеттік институт қажет

05 қыркүйек 2017, 10:00

Бұл туралы Астанада өткен «Болашақ энергиясы» форумында Тұрақтылықты зерттеу институтының (IASS) директоры Клаус Тепфер мәлім етті. Оның айтуынша, біздің ел баламалы қуат көзіне өту үшін тек сол саламен айналысатын арнайы мекеме құру керек. vlast.kz хабарлағандай, Астанада өтіп жатқан EXPO-2017 халықаралық көрмесі аясында ұйымдастырылған «Болашақ энергиясы» форумында К.Тепфер тек Қазақастан ғана емес, жалпы әр елде таза қуат көзіне өтуге мұрындық болатын, зерттейін арнайы мемлекеттік институт керек екендігін айтты. Сондай-ақ ол болашақта бұл ұсынысысын көпшілік қолдайтынына сенім білдірді.  Оның айтуынша, баламалы қуат көзіне жүйелі түрде өту керек. «Біз ғаламшарды зиянды заттардан тазарту мәселесімен айналысатын арнайы жүйе қалыптастыруымыз тиіс. Кейбір болжамға сәйкес, әлемдегі халықтың саны 9 миллиардқа жетеді. Мен дүниеге келгенде халықтың саны 2,6 миллиард болған. Қазір – 7,3 миллиард. Сол себептен бізге таза қуат көзін пайдалану үшін жаңа технологиялар керек. Біз тек экономикалық пайданы ойламай, ғаламшарды сақтап қалу мәселесін де назардан тыс қалдырмауымыз керек», – деді профессор. Айта кетейік, бүгінде Астанада «Болашақ энергиясы» форумының соңғы кезеңі өтуде. Оған Новель сыйлығының лауреаттары, әлемнің әр түпкірінен келген ғалымдар мен сарапшылар қатысуда. Екі күндік конференция аясында «Құндылықтар мен қағидалар манифесті» құжатын әзірлеу бойынша пленарлық сессиядан бөлек, 5 жиын өтеді. Бұл құжат «Болашақ энергиясы» форумының қорытындысы болмақ.

Бүгін, 16:30
Шымкент: Жұмыспен қамту 99,1 пайызға жетті
Бүгін, 13:54
Олжас Сапарбеков: Экономиканың энергия сыйымдылығы 4,1 пайызға төмендеді
Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде