jasqazaq.kz

Саранда танкіге Z белгісін жазып кеткен ер адам ұсталды

30 шiлде 2022, 12:02

Қарағанды облысының полицейлері Саран қаласында танкіге Z белгісін жазып кеткен ер адамды анықтады, — деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жазудың авторы 54 жастағы қала тұрғыны болып шықты. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

«Шешім қабылдау үшін материал сотқа жөнелтіледі», — деді Қарағанды ​​облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.

Ұсақ бұзақылық жасаған адамға 5 АЕК (15 315 теңге) көлемінде айыппұл салынады немесе он тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынады.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды ​​облысының Саран қаласында белгісіз біреулер танкіге Z белгісін жазып кеткені туралы хабарланған болатын. Танк Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған мемориал маңына қойылған.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде