jasqazaq.kz

Сара Назарбаева 77 жасқа толды

12 ақпан 2018, 11:53


Бүгін, 12 ақпанда Қазақстанның бірінші ханымы Сара Назарбаева 77 жасқа толды. Сара Алпысқызы 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданына қарасты Қызылжар ауылында дүниеге келген. 1962 жылы оқуын тәмамдаған соң, Нұрсұлтан Назарбаевқа тұрмысқа шығады.
Қазақстан президентінің жұбайы Дариға, Динара және Әлия есімді үш қыз тәрбиелеп өсірді.
1992 жылы Сара Назарбаева «Бөбек» қайырымдылық қорын ашты. Ондағы мақсаты – жетім балаларға қамқорлық көрсету. Бірінші ханымның бұл саладағы еңбегіне халықаралық ұйымдар жоғары баға берді. Ол әлемдік денсаулық сақтау ұйымының халықаралық Исхан Дограмачи премиясына, әрі БҰҰ балалар қорынының медаліне ие болды.
Сара Алпысқызының туған күніне орай мектептердегі оқу күні «Жүрек тіліндегі физика», «Адамгершілік грамматикасы» сияқты тақырыптарды үйренумен бастайды. Мұнда оқушылар түрлі әлеуметтік рөлдерді, өмірлік стратегияларды меңгеріп, отбасы құндылықтарын бағалауды үйренеді.
Айта кетейік, ҚР Білім және ғылым министрлігі Сара Алпысқызының туған күнінде елдегі барлық білім беру мекемелерінде оқу күні «Өзін-өзі тану» сабағы өтетінін хабарлаған болатын.

Baq.kz

30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде
22 шiлде, 19:06
Алматы: Өндірістік ауданда тұрғындар үшін жайлы орта қалыптасып келеді
22 шiлде, 15:09
Қазақстан – Еуроодақ: Экономикалық дипломатияға басымдық