jasqazaq.kz

Сара Амангелді: Мен ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын

19 мамыр 2021, 17:03

Сара Амангелді өзі жайлы айтылып жатқан жайттарға қатысты жауап берді. Актриса өзіне жала жабылғанын айтып ақталды.

Айта кетейік, бұған дейін елордалық Құралай Бияхметтің жазбасы желіде тарап кетті. Онда актриса Сара Амангелді мен бұрынғы өзінің жолдасымен көңіл қосқаны айтылады. Алайда жақын күндері Құралай Бияхмет актрисаның өзі мен бұрынғы жұбайының ара қатынасына ешқандай қатысы жоқ екенін айтты.

«Достар! «Достар» деймін, өйткені менің «жауым» бар деп ойламаймын. Бірнеше күннен бері «талап» жатсыздар. Өтірік болғасын ақталғым келмеді, бірақ күннен күнге өршіп барады. Мен ешкімге күйеуге тиген жоқпын! Сенбесеңіздер, тексеріп көріңіздер, оның жолдарын білесіздер! Ешкімнің күйеуін тартып алған жоқпын, маған ол керек емес. Мәселенің ақ қарасын білмей шулатып жатқан парақшалар өздері біліп өшіретін шығар деген үміттемін. Даудың басын бастаған адам өз парақшасында ақпарат берді. Бірақ оны уже хайп қуған парақшалар жарияламайтын да шығар. Мен кімнің алдында болсын өзімнің абыройымды сақтап қалуға дайынмын», — деп жазды Сара Амангелді желідегі парақшасында.

Актриса Құралай Бияхметтің жазбасын өз парақшасында жариялады.

«Сара менің бұрынғы жолдасым екеумізге еш қатысы жоқ. Ол менің күйеуімді тартып алған жоқ. Себебі мен күйеуіммен баяғыда ажырасып кеткенмін», — делінген жазбада.

Желі қолданушылары мұның хайп екенін жазса, енді бірі актрисаны қолдады.

«Танымал болған соң әркімнің артынан сөз ереді, оған мән бермеңіз», «Дым түсініп жатқан жоқпын. Бірақ Сараны тәрбиелі қыз деп есептеймін», «Сара тәрбиелі қыз, мен ешқашан күмән келтірген емеспін, келтірмеймін де. Осы болып жатқан жағдайды естіп еш мән бермедім. Өйткені Сараға өтірік айту жат қылық екені белгілі», «Елден рұқсат сұрап күйеуге шығатын заман болған ба? Нелері бар екен?!», «Жігіт толып жатыр емес пе? Осы ажырасқандарды қайтесіңдер?», деп жазды олар.

stan.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде