jasqazaq.kz

Сапасыз жанармай — жаңа теxниканың жауы!

10 сәуiр 2020, 18:24

Сапасыз жанар-жағармай ұлттық қауіпсіздікке тікелей залалын тигізеді. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.

«Дизель отынының сапасына қатысты сын айтылуда. Фермерлер отын сапасының төмен болуы салдарынан өте қымбат ауыл шаруашылығы техникасының істен шығуы фактілерін айтуда.

Осыған байланысты Энергетика министрлігі мен әкімдер жанар-жағармайдың көлемін ғана емес, сапасын да қамтамасыз етуді бақылауға алу тиіс», — деп тапсырды Президент. Осы орайда Мемлекет басшысы сапасыз отынды жеткізу экономикаға, сондай-ақ елдің ұлттық қауіпсіздігіне келтірілген тікелей залал екенін қадап айтты.

«Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қаржы министрлігінің Экономикалық тергеу қызметі сапасыз жанар-жағармай жеткізетін компаниялар мен жеке тұлғаларды анықтауы керек. Аталған жағдай елдің қауіпсіздігіне нұқсан келтіріп, экономикалық әлеуетін түсіреді. Мұндай қастық жасайтындардың осы және басқа да ұқсас іс-қимылдарын құқық қорғау органдары тіркеуге алуы тиіс», — деді Президент.

Осы орайда Мемлекет басшысы аталған залалды іс-қимылдар жасайтындар заң бойынша жауапкершілікке тартылуы керектігін атап өтті.

ҚазАқпарат

Бүгін, 15:29
Shymbulaqta Shyrshaly экологиялық жобасы аясында 560 түп Тянь-Шань шыршасы егілді
13 қазан, 12:25
Айдана Қасен: Қалдықтарды сұрыптау – экологиялық мәдениеттің маңызды бөлігі
12 қазан, 13:04
Әуесбек Опабек: Шымкентте экология мен жайлы ортаға басымдық берілуде
09 қазан, 13:42
Шымкентте жасанды интеллект полиция жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталуда
07 қазан, 15:02
Ұстанымы ұқсас Оман
06 қазан, 15:09
122 года спустя: Память, наследие и школа Мухамеджана Фаризова
05 қазан, 14:25
Бағдат Байболов: Су жүйесін жаңғырту – тұрғындарды сапалы әрі үздіксіз сумен қамтамасыз етудің негізгі тетігі
02 қазан, 13:16
Кино – тарих сөйлейтін тіл
01 қазан, 14:17
Шымкенттің мәдени өмірі жанданып келеді