jasqazaq.kz

Сапасыз интернет үшін операторларға 132 млн теңге айыппұл салынды 

30 мамыр 2022, 12:46

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі сапасыз интернет ұсынған операторлардың қандай жазаға тартылғанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министрліктің мәліметі бойынша, интернет сапасына байланысты келіп түсетін шағымдар әлі де баршылық.

«Ведомство Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сапасыз интернет үшін салынатын айыппұлдың мөлшерін ұлғайтатын өзгерістер әзірледі. Атап айтсақ, ірі бизнес нысандарына сапасыз интернет ұсынғаны үшін салынатын айыппұл 100 айлық есептік көрсеткіштен (318 000 теңге) 1000 АЕК-ке (3 180 000 теңге) дейін ұлғайтылмақ. Ал олқылық бір жылдың ішінде екінші рет қайталанса, айыппұл 1500 АЕК-ке (4 770 000 теңге) көтеріледі», — деп жазылған министрліктің ҚазАқпарат сауалына жолдаған жауабында.

Ведомство тарапынан сапасыз интернет үшін 132 млн теңгеге айыппұл салынған. Ал аталған салада қызмет көрсететін операторлар былтыр 884 млрд теңге табыс тапқан. Сонда салынған айыппұл көлемі табыстың 0,01% ғана деген сөз.

«Осыны негізге алсақ, интернет сапасына байланысты салынатын айыппұл ұлғайса, тарифтер де өсуі керек деген уәждің еш негізі жоқ», — деп жазады ведомство мамандары.

Бүгін, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
Бүгін, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
Бүгін, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия
13 қараша, 15:06
Шымкентте жол-көлік инфрақұрылымын дамыту қарқынды жүріп жатыр