jasqazaq.kz

Сапархан Омаров: Киік ату фактілері толастамай тұр

18 маусым 2019, 12:44

Ауыл шаруашылығы министрлігі құзырлы органдармен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтып берді. «Қазіргі уақытта киік ату фактілері тоқтамай тұр. 2018 жылы 77 браконьерлік фактісі анықталып, 500 киіктің мүйізі тәркіленді. Министрлік Бас прокуратурамен, Ішкі істер министрлігімен, Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, браконьерлікке қарсы жедел іс-шаралар жоспарын әзірледі. Онда браконьерлікпен күрес жөніндегі қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді жедел іс-шаралар көзделген», — деді министр Қазмедиа орталығында халыққа есеп беру кездесуінде.

Министрдің айтуынша, 2017 жылы киіктер саны — 152 мың болса, 2018 жылы — 215 мыңға жетіп, олардың өсімі 41%-ды құраған. Сонымен бірге, ормандарды ұлғайту мақсатында министрлік облыс әкімдерімен бірлесіп, 2030 жылға дейінгі қадамдық жоспарларды бекіткен. 2018 жылы 52,7 мың гектарға көшет отырғызылған. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жүйесін дамыту шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында «Тарбағатай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі мен Алматы облысында «Іле-Балқаш» табиғи резерваты құрылған. Осылайша, республиканың ерекше қорғалатын табиғи аумағының алаңы 24,7 млн гектарға немесе ел ауданының 9%-на жеткен.

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда