jasqazaq.kz

Сапарбаев сенбілікке шықпаған ақтөбеліктерді ұялтты (Видео)

16 сәуiр 2016, 18:07

Облыс басшысы бүгін сенбілік өтіп жатқан учаскелерді өзі аралап шықты. Көше бойында орналасқан бизнес нысандарына да ат басын бұрып, олардың не себепті жақын маңда тазалық шараларын қолға алмағанын сұрады. 

«Ақтөбе біздің ортақ үйіміз. Тазалыққа барлығымыз жауаптымыз», — деп атап өтті ол. Ертемен шығып, дүкен, дәмхана айналасын тазартқан кәсіпкерлер де болды. Олар, әрине, облыс басшысынан мақтау естіді. Сенбілікке даяшылар мен аспаздар да шықты. Қаладағы мейрамханалардың бірінің басшысы Мехмет Қаракуш есімді түрік азаматы Ақтөбеде биыл қыстың қатты әрі ұзақ болғанын айтады.

— Ақтөбенің орталығында орналасқан соң, бізде қысы-жазы тазалық жұмыстары жүргізіледі. Меймандар Қазақстанның өзге қалаларынан ғана емес, алыс та жақын шет мемлекеттерден келіп жатыр, — деді ол.

 

 

Өз кезегінде, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кеңес Бірманов қаладағы жасыл жерек паркін қайта жаңарту керектігін жеткізді.

— Бұл ағаштарды 1970-ші жылдары отырғыздық. Қарағаштар 35-40 жылда ескіреді, — деді ақсақал.

Асқар Ақтілеу

Ақтөбе

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде