jasqazaq.kz

Сапарбаев Қордай ауданында қаза болғандардың отбасына барды

09 ақпан 2020, 21:59

Жексенбі, 9 ақпанда ҚР премьер-министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қордай ауданында қаза тапқандардың отбасыларына барды.Бұл туралы Үкімет баспасөз қызметіне сілтеме жасап Tengrinews.kz хабарлайды.

Құрамына орталық мемлекеттік органдардың басшылары, Парламент депутаттары, ҚХА өкілдері кірген Үкімет комиссиясының басшысы Сортөбе және Масанчи ауылдарында болды, қаза тапқандардың отбасыларына барып көңіл айтты.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Үкіметтің атынан шын қайғырып көңіл айтамыз. Біз сіздерді бұл қиындықта қалдырмаймыз, сіздердің қауіпсіздіктеріңізді қамтамасыз етеміз. Сіздердің отбасыларыңызға көмектесеміз, мемлекет сіздерді қолдайтын болады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Қаза тапқандардың туған-туыстары мен жергілікті тұрғындар биліктен кінәлілерді тауып, жазаға тартуды сұрады.

«Бұл қылмыскерлік ниетпен жасалды. Бейтаныс адамдар ауылда жүріп, үйлерді өртеп, ақша мен алтын талап етіп, қарумен қорқытқан. “Үйлерің өртеніп жатыр, шығыңдар”, деген. Олардың арасында мас адамдар болды», — деді тұрғындар.

Сонымен қатар вице-премьер тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен тұрғын үйлерді, әлеуметтік және коммерциялық нысандарды аралап көрді.

«Мемлекет басшысы отбасыларға барлық қажетті көмекті және қолдауды көрсетуді тапсырды. Комиссия құрамында индустрия және инфрақұрылымдық даму бірінші вице-министрі Қ. Өскенбаев барды. Қазір мамандар келтірілген зардапты бағалап жатыр, барлығы қолданыстағы заңнамаға сәйкес қалпына келтірілетін болады», — деді Бердібек Сапарбаев.

Сонымен қатар Үкімет комиссиясының мүшелері жерлеу рәсімдеріне қатысты.

18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия