jasqazaq.kz

Сапарбаев әр балаға 21 мың теңге қалай төленетінін түсіндірді

05 наурыз 2019, 17:18

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев көпбалалы, аз қамтылған отбасыларға мемлекеттен берілетін көмек туралы баяндады. Бұл туралы ол Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

«Бүгінде әлеуметтік атаулы көмек деген бар. Төленетін оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейіне байланысты. Қазіргі таңда көп көтеріліп жүрген сұрақтардың бірі осы төменгі күнкөріс деңгейін көбейту. Осы уақытқа дейін 14849 теңге болса, қазір ол 20789 теңгеге көбейеді. Бұл көмекті 570 мың адам алып отырса, енді ол көмекті ең кемінде 830 мың алады», — деді Сапарбаев.

Министр 4 баласы бар ана қанша алатынын есептеп берді.

«Қазір ол кісі 60740 теңге алса, жоғарылауға байланысты 103945 теңге алатын болады. Егер ол кісілердің табысы күнкөріс деңгейінен төмен болса қосымша тағы да жәрдемақы алады, яғни ол кісілерлің табысы 114 449 теңге болады. Отбасылардың табысын есептейтін кезде кейбір жәрдемақыларды есептемеу, көріп отырсыздар, алынатын жәрдемақылар шегеріліп тасталады. Бұған қосымша «Алтын алқа», «Күміс алқа» иелері мен мүгедек балаларға алатын жәрдемақы, стипендия осы табыстан шегерілетін болады. Жалпы осы атаулы әлеуметтік көмектің төленуі қазіргі таңда бір балаға 4834 теңге болса, енді ай сайын әрбір балаға 20789 теңге төленеді. Отбасында балалар оқитын болса оқу бітіргенше, 23 жасқа дейін оларға да осындай жәрдемақы төленеді», — деп түсіндірді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

baq.kz

20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда