jasqazaq.kz

Сапарбаев 17 млн теңгеге сапасыз жол салған шенеунікті масқара қылды

07 қазан 2017, 18:30

Бүгін Ақтөбе облысының əкімі Бердібек Сапарбаев су қоймаларын аралауға шықты. Сазды су қоймасына баратын жаңа жолдың сапасын көрген әкім шошып қалды. Бір шақырымдай қашықтыққа 17 миллион теңгеге жол салғызғанын мақтанышпен айтқан шенді əкімнен сөз естіді.

«Мынау жол ма? Бұл ертең-ақ шашылып қалады. Қараңдар, мынау жарамайды. Менің аяғыммен басқанның өзінде үгітіліп жатыр», — деді Бердібек Сапарбаев.

Əкім жолдың сапасын аяғымен түртіп, қолымен ұстап та көрді.

Су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов болса жолдың сапасы қалыпты деп айтудан танбады. Ақтөбедегі су шаруашылығын 30 жылдан бері басқарып келе жатқан басшы жаңа жолмен машина жүргізбейтінін айтты.

«Бұл жол осылай тұрады. Машина жүрмейді, тек адам жүреді. Бұл жолдан тек жеңіл машиналарды ғана өткіземіз», — деді Ақтөбе су шаруашылығы мекемесінің директоры Бекзат Наметов.

Айта кетерлігі, сапасыз жолдың салынғанына бір апта ғана уақыт болған.

Nur.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде