jasqazaq.kz

Санкцияға ілінген ресейлік компаниялардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылады

22 желтоқсан 2022, 15:55

Санкцияға ілінген ресейлік компаниялардың Қазақстанға кіруіне шектеу қойылады. Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әр компания бұл санкцияларды жеке қабылдайды. Сондықтан мұндай координатта жұмыс істеу өте күрделі. Әзірше біздің қолымыздан келіп отыр және бір де бір қазақстандық компания тікелей де, қайталама да санкцияға іліккен жоқ. Мұны жіті қадағалап отырмыз. Бізге Ресейден кетіп жатқан, нарығымыздың көлеміне байланысты Қазақстанға мүдделік танытпаған, бірақ, қазір басқа алаңдар іздеуге мәжбүр шетелдік үлкен компаниялар қызық. Мұндай компаниялармен өте белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Наурыздан бері елшілеріміз олардың басты кеңсесімен келіссөз жүргізіп жатыр. Оларға жергілікті серіктестер, орналастыру үшін жедел алаңдар іздеудеміз», — деді ол орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында БАҚ өкілдерінің сауалына орай.

Министрдің орынбасары ресейлік компаниялар Қазақстанды жақсы білетіндігін атап өтті.

«Сондықтан оларды орналастырумен белсенді түрде айналысып жатқанымыз жоқ. Бірақ, санкциялық компанияларды, санкцияға ілінген жеке тұлғаларды қадағалап отырмыз. Үш деңгейлі тексеру бар. Олар келгенде соны қолданамыз. Егер құрылтайшы не жеке тұлға санкцияға іліксе немесе ресейлік басты компания санкция құрсауында болса, онда ондай компанияладың елімізге кіруіне шектеу қоямыз. Өйткені, қаржылық операция жүргізу, банк қызметтерін көрсету мүмкін емес. Дегенмен, ресейлік компаниялардың келіп жатқанын көріп отырмыз. Оны өздеріңіз де сезген шығарсыздар. Жаңа заңды тұлғалардың тіркелуі еселеп артты. Негізінен олар — ІТ секторындағы және сауда саласындағы компаниялар. Яғни, шағын және орта бизнес көшіп жатыр және белсенді жұмыс істеуде», — деді Алмас Айдаров.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде