jasqazaq.kz

Сандары сәйкес күн: астанада бір күнде 240-қа жуық неке қиылды

22 ақпан 2022, 17:56

Бүгін, яғни 2022 жыл 22 ақпан – бұл көптеген адамдардың пікірінше, ерекше мағынаға ие күн. Көптеген ерлі-зайыпты осындай ерекше күндері заңды некеге тұруға тырысады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Таңертеңнен бастап АХАТ-тың елордалық бөлімдерінде алғашқы отбасылық құжатын алу үшін жас жұбайлар тізіліп тұрды. Бүгін Нұр-Сұлтанда күннің соңына дейін 240-қа жуық жұп неке қию рәсімін өткізеді.

«Сандары сәйкес мұндай күндер жас жұбайлар арасында сұранысқа ие. Мысалы Есіл ауданында күніне орта есеппен 30-40 жұп тіркелсе, бүгін жұмыс күнінің соңына дейін 100-ге жуық жас некесін тіркейді деп күтіліп отыр. Жас жұбайларға отбасылық бақытты өмір, берік неке тілеймін! Бұл күн оларға сәттілік пен амандық әкелсін!» — деп атап өтті Есіл ауданы әкімдігінің АХАТ бөлімінің басшысы Раушан Зарирова.

Айта кету керек, соңғы жылдары елордада ресми түрде некесін тіркейтін жаңа отбасылардың саны үнемі өсіп келеді. Сонымен, 2020 жылы 9 571 жұп некесін қиса, 2021 жылы – шамамен 12 мың.

Сарапшылардың айтуынша, олар қазір некеге тұруға және отбасын құруға жауапкершілікпен, саналы түрде қарайды. Бүгінгі таңда жас жұбайлардың орташа жасы 26-28 жасты құрайды, ал 4-5 жыл бұрын ол 22-23 жас болатын. Тек жастар ғана емес, сонымен бірге 50-60 және тіпті 70 жастағы үлкен кісілер де бар.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде