jasqazaq.kz

Санчес Головкин жайлы: Оны ұяты бар деп ойлайтынмын

25 сәуiр 2019, 11:12

Орта салмақтағы бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкиннің бұрынғы бапкері Абель Санчес боксшы мансабына қатысты кейбір деректерді жайып салды.

Геннадий бапкері Санчеспен келісімшартты үзетіндігіне қатысты мәлімдемесінде сыпайылық сақтаған болса, Абель өз сұхбатында бойын кернеген ызасын жасыра алмады. Оған бапкерлік қызметі үшін ақының қысқаратыны ұнамаған. Артынша, мұның астарында ақша мәселесі жатқанын айтты. «Жақсылықты білмейтін ашкөз. Ол жуырда ғана DAZN-мен 100 миллион долларға келісімшарт жасасты. Бұдан кейін ақша жетпейтіндігін алға тартып, түбегейлі шараға баруға мәжбүр екендігіңізді айтуға бола ма? Осының бәрі ақша үшін. Мен олардың бұл қорлығына шыдай алмас едім. Бұл ызаңды келтіреді. Себебі бұл жігіт мұндай қадамға баратынын ешқашан ойлаған емеспін. Оны ұяты бар, адал, тәрбиелі деп ойлайтынмын. Бұл оны осыншама өзгертетінін ойламаппын. Мен ызаға булығып отырмын», — деді Санчес ESPN-ге берген сұхбатында.

Геннадий Головкин:«Мен өзім үшін, мансабым үшін маңызды шешім қабылдағанымды жеткізгім келеді. Жетістіктеріме сүйене отырып, өзімді жетілдіре түскім келеді. Сондықтан енді Абель Санчеспен жаттығу өткізбеймін. Бұл мен үшін оңай шешім болған жоқ әрі мұның Абельдің кәсіби қабілетіне де еш қатысы жоқ. Ол — тамаша бапкер, жұмысына адал, Даңқ залына аты жазылған бапкер. Жаңа бапкерім туралы кейінірек хабарлаймын. Ал бүгін бокста берген сабақтары үшін Абельге алғыс айтамын», — деді ол.

Sports.kzhttp://Sports.kz

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде