jasqazaq.kz

«Сананың ашықтығы»

18 қараша 2017, 15:40

Алматы қаласындағы Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Сананың ашықтығы» тақырыбында Қазақстан Халқы ассамблеясының IIІ халықаралық медиа форумы өтті. Форумның мақсаты – қоғамды жаңғырту және сананың ашықтығын қалыптастырудағы, ұлттық бірегейлікті нығайтудағы БАҚ-тың рөлін талқылау, кәсіптік әдеп, сондай-ақ көп этносты қоғам жағдайында масс-медиа мәдениетін дамыту мәселелері.

Жиында Қазақстан Халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Дархан Мыңбай кіріспе сөз сөйлеп ашып, ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, ҚазҰУ ректоры Ғалымқайыр Мұтанов құттықтау сөз айтты.

Іс-шараға Парламенттің депутаттары, ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің лауазымды тұлғалары, Германия, Латвия, Ресей, Өзбекстаннан шетелдік сарапшылар, масс-медиа саласындағы отандық сарапшылар, республикалық және өңірлік этномдени бірлестіктер БАҚтарының басшылары, Әл Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессорлар-оқытушылар құрамы, Алматы қаласы жоғары оқу орындары журналистика факультеттерінің студенттері қатысты.

Кіріспе сөзінде Дархан Мыңбай шынайы ынтымақтастық прагматикалық және стратегиялық сипаттағы мақсатты көздейтінін, саяси одақтар мен бірлестіктер, заманауи масс-медиа әріптестік келісімдер жасап, ақпарат алмасып, бірлескен форумдар өткізіп және шығармашылық одақтар құрып ынтымақтасатынын атап көрсетті.

Журналистер қауымдастығының жұмылуының мысалы ретінде төрағаның орынбасары Еуразиялық медиафорумды, таяуда құрылған Қазақстандық медиа Альянсты атады. Ол ҚХА этномәдени бірлестіктері шығаратын бұқаралық ақпарат құралдары бұл процестен тыс қалмайтынына сенім білдірді.

Медиа форумның жалпы отырысы TEDx конференциясы форматында өтіп, шетелдік сарапшылар: Константин Шамбер (Германия), Кирилл Привалов пен Роберт Францев (Ресей), Владимир Решетов (Латвия), Гульнора Абдуназарова (Өзбекстан), сондай ақ белгілі отандық БАҚ өкілдері: Ерлан Игісінов, Арманжан Байтасов, Айгүл Мүкей, Өркен Кенжебек және Махаббат Есен спикер болды.

Форум аясында этномәдени бірлестіктері шығаратын бұқаралық ақпарат құралдарының көрмесі ұйымдастырылып, форум соңында Қазақстан Халқы ассамблеясының журналистика саласында жыл сайынғы «Шанырақ» шығармашылық конкурсының жеңімпаздарын салтанатты марапаттау өткізілді.

Бүгін, 12:42
Данияр Жанжұменов: Әскери бөлімдерде тәуелсіз әскери кеңесшілер институты құрылады
24 қараша, 15:55
АЭС - таза энергияның сенімді көзі
24 қараша, 15:31
Басты міндет – төтенше жағдайдың алдын алу
23 қараша, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
23 қараша, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
23 қараша, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті