jasqazaq.kz

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді

29 тамыз 2018, 10:35

 

Алматы қаласының білім беру мекемелерінде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы іс-шараларды күшейту мен білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыру мәселелері бойынша Алматы қаласының білім басқармасымен бірлесе «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі «Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологиялар» атты семинар-кеңес өткізді.

Шараға қаладағы орта білім беретін ұйымдар мен мектеп, колледж басшылары қатысты. Кездесу барысында «Sanaly urpaq» жобалық кеңсесінің жетекшісі Қ.А. Токушев жүргізілген талдаудың нәтижесінде 18 ұсыныс енгізіп, оның ішінде колледж, мектеп қызметкерлері мен студенттерге сыбайлас-жемқорлыққа қарсы стандарттарды бекіту, мектептердегі салымдарды жинауды жою, қатаң түрде стандарттарға сәйкес мемлекеттік қызметті уақытылы және сапалы негізде көрсету мәселелерін талқыға салды.

Семинар аясында «Sanaly urpaq» жобасы шеңберінде академиялық адалдық және сыбайлас-жемқорлыққа қарсы технологияларды қамтамасыз ету тетігімен білім беретін ұйымдардың жүзеге асырылатын бағалау жүйесін қалыптастыру ұсынылады. Болжам негізінде бұл бағалау жыл сайын өткізілетін болады. Оның нәтижелері бойынша қалыптасатын сыбайлас-жемқорлыққа қарсы рейтингісі орта мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына әр білім беру деңгейі үшін бөлек жүргізіледі.

Семинар соңында Алматы қаласының білім беру басқармасының басшысының орынбасары Л.А. Жылқыбаева мектеп және колледж директорларына өз қызметтері аясында академиялық адалдық қағидасына сүйене отырып қызметті жүзеге асыру қажеттігін қадап тапсырды.

«Sanaly urpaq» жобалық кеңсесі

Бүгін, 15:48
Үнді дипломаты: Қазақстанның сыртқы саясаты сындарлы әрі теңгерімді ұстаныммен ерекшеленеді
Бүгін, 15:30
Серікбай Жәңгірбаев: Су ресурстарын ұтымды пайдалану – экологиялық қауіпсіздік негізі
Бүгін, 14:22
Есірткіге қарсы ымырасыз күрес тоқтамайды
20 қараша, 13:54
Шыңғыс Оразалимов: Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютері жасанды интеллект пен үлкен деректерді талдау жобаларына қызмет етуде
18 қараша, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді