jasqazaq.kz

Санақ қорытындысын кімдер көре алады?

15 қыркүйек 2021, 17:28

Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан бифингіде Ұлттық статистика бюросының басшысы Нұрболат Айдапкелов Халық санағының қорытындысымен кімдер егжей-тегжей таныса алатынын айтты.

«Халық санағының қорытындылары статистикалық ақпарат болып табылады. Сондықтан бұл жағдай бойынша арнайы талаптар бар. Яғни, ғылыммен айналысатын институттардың, ғылыми зерттеу жүргізетін азаматтардың санақ базасына қол жеткізу мүмкіндігі бар. Бірақ ол әрбір жеке адам бойынша емес, жалпылама түрде, «дединтификацияланған» мазмұнда беріледі», — деді Ұлттық сатитиска бюросының басшысы.

Оның айтуынша санақты ең негізгі қорытындылары бюроның сайтына сатистикалық деректер түрінде жарияланады.

«Біріншіден, біз санақ қорытындысы бойынша базаны өңдегеннен кейін оны арнайы кестелер бойынша интернеттегі сайтымызға саламыз. Бірақ базаға нақты талап бойынша кіруге болады. Басты талап – санақ қорытындысымен танысқысы келген адам ғылыммен айналысатынын дәлелдеуі керек. Сонымен бірге ІР-сервис арқылы біздің жүйеге кіру мүмкіндігі болуы керек. Сол талаптарды сақтаса, деединтификациялық мазмұндағы базаға кіруіне болады», — деді ведомство басшысы.

ҚазАқпарат

Бүгін, 13:02
Азат Сұлтанов: Өңделген агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің экспорты 3,6 млрд долларға жетті
17 қараша, 16:09
Соңғы төрт жылда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне өтті
17 қараша, 14:19
Шымкент: Auezov University-де Форсайт орталығы мен AI Media Studio ашылды
17 қараша, 14:06
Марат Нағұманов: Әскери реформа – жаңа сипаттағы армия құру жолындағы стратегиялық қадам
16 қараша, 15:35
Алматыда экологиялық талаптар күшейтілді
16 қараша, 15:17
Сұлтанғали Кенжеқұлов: Инвестиция жаңа өндіріс орындарын ашып, озық технология енгізуге жол ашады
16 қараша, 14:05
Қорғаныс саясатындағы стратегия: жаңа тұрпатты Қарулы Күштер
16 қараша, 14:04
Шымкентте 200 орындық заманауи перинаталдық орталық салынуда
13 қараша, 17:34
Қазақ елінің баянды бастамасы: Превентивті дипломатия