jasqazaq.kz

Сан-Диегода аспаннан долларлар жауып, көліктер кептеліп қалды

24 қараша 2021, 17:27

Калифорнияның Сан-Диего қаласынан өтетін негізгі трассалардың біріне аспаннан ақша жауып, көлік кептелісіне себеп болды. Жолға белгісіз бір жақтан доллар купюралары шашылды. Өз көздеріне өздері сене алмаған жүргізушілер көліктен түсіп, жолда шашылған ақшаларды жинай бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі NY Post басылымына сілтеме жасап.

Кейіннен бұл жағдай инкассатор көлігі жүргізушісінің кесірінен болғаны анықталды. Ол темір тұлпарының есігін жабуды ұмытып кеткен. Қатты жылдамдықпен келе жатқандықтан, есік ашылып, қомақты сомманы ұшырып әкеткен.

Куәгерлер «өмірімізде көрген ең үлкен бассыздық осы болды» деп пікір білдірді.

Олардың басым бөлігі қуанғандарынан шыңғырып, ақшаны жинай бастады. Инкассатор иесі жағдайды кеш түсініп, купюраларды жинаған автокөлік нөмірлерін жазып ала бастады.

Оқиға орнына жеткен полицейлер де оның әрекетін қайталады. Сондай-ақ, олар табылған бар ақшаны кері қайтаруды талап етті.

“Бұл долларлар жинақты сақтандыру бойынша федералды корпорацияға, инкассатор компаниясы мен банкке тиесілі. Табылған ақшаны қайтару қажет”, – деді полициядағылар кейіннен өткен баспасөз мәслихаты кезінде.

Федералды тергеу бюросы ақшаны қалтаға баспақ болған екі адамның тұтқындалғанын растады. Өзге “бақыт иелері” іздестірілуде.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде