jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» жас ІТ мамандарды тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырады

18 наурыз 2019, 15:44

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат «Цифрлық жаз» тағылымдама бағдарламасының екінші толқынын бастады. Бағдарлама Қазақстандағы жоғары оқу орындары студенттеріне Қор компаниялары тобында тағылымдамадан өтуген мүмкіндік береді. Өткен жылдың қорытындысы бойынша, бағдарлама өзінің тиімділігін көрсетті. Сөйтіп, 72 жас маман тағылымдаманы сәтті өткізіп, олардың 33-і жұмысқа қабылданды.

«Цифрлық жаз» бағдарламасы жаңа кезеңінің шарттары өзгерді. Бұл туралы бүгінгі брифинг барысында «Самұрық-Қазына» АҚ цифрландыру және трансформация жөніндегі басқарушы директоры Дәурен Керейбаев хабарлады.

Дәурен Керейбаев ««Цифрлық жаз» бағдарламасының мақсаты белгілі бір мөлшерде тағылымгер қабылдау емес. «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы білікті мамандарды іздейді. Біз сол мақсатпен биыл бағдарламаға қатысушыларға қойылатын талаптарды өзгертеміз. Енді студенттерге Қордың компаниялар тобында тағылымгер атану үшін 4 сатылы іріктеуден өтуге тура келеді» — деп атап өтті.

Жаңа талапқа сәйкес, бағдарламаға бакалавриаттың үшінші-төртінші, ал магистратураның бірінші-екінші курс студенттері қатыса алады. Айта кеткен жөн, биыл іріктеу төрт сатыдан тұрады: тіркеу және онлайн ІТ тест, профиль бойынша ІТ тапсырмалар, қабілетке қатысты тест және құзыреттер бойынша сұхбат.

Тағылымдамаға қатысу үшін кәсіби тәжірибенің болуы шарт емес. Жобалық басқару, бағдарламалау, ақпарат жүйесі мен инфрақұрылымды, қосымшалардың архитектурасын, ақпараттық қауіпсіздік қағидаларын әкімшіліктендіру саласы бойынша базалық білім жеткілікті.

2019-2020 жылдардағы бакалавриат пен магистратура түлектері «Цифрлық жаз» тағылымдама бағдарламасына қатысу үшін бағдарламаның ресми сайтында — http://digital-summer.sk.kz. өтініш бере алады.

Бағдарламаға қатысуға өтініш жинау мерзімі 2019 жылғы 7 сәуірде аяқталады. Ал тағылымдаманың өзі 2019 жылғы 17 маусым – 29 тамыз аралығында Астана, Алматы, Өскемен, Павлодар және Атырау қалаларында өтеді. Аталған бағдарламаның тағылымгері болу үшін студенттер бағдарламаның ресми сайтында тіркеліп, ІТ базалық білім бойынша 20 сұрақтан тұратын тест тапсыруы тиіс. Іріктеу талаптарына мейлінше лайық деп танылған үміткерлер Қор компаниялары тобының өкілдерімен әңгімелесуге шақырылады. Үздік үміткерлер тағылымдама бағдарламасына қатысуға шақырту алады. Атап өткен жөн, биыл тағылымдамаға қатысушыларға жалақы төленеді.

ІТ саласының көшбасшы компанияларымен бірге әзірленген Қордың тағыламдама бағдарламасы арқылы жастар терең білім, озық тәжірибе ала отырып, оны бәсекелес әрі серпінді дамып жатқан ІТ әлемінде қолдану мүмкіндігіне қол жеткізеді. Сонымен қатар, SAP, Microsoft, Oracle, Cisco, HP, IBM, Huawei компанияларының өнімдерімен жұмыс істейді.

Еске сала кетейік, «Цифрлық жаз» бағдарламасы 2018 жылы басталған. «Самұрық-Қазына» акционерлік қорының 2018 жылғы қызметін қорытындылауға арналған баспасөз мәслихатында Қор басқармасының төрағасы Ахметжан Есімов жас әрі дарынды мамандарды Қорға штаттық қызметке алуға алуға мүмкіндік туғызған «Цифрлық жаз» бағдарламасына оң баға берді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде