jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» Түркістан облысына бес әлеуметтік нысанды сыйға тартты

14 қыркүйек 2020, 17:12

Қожа Ахмет Яссаиу музейі, Оқушылар сарайы, 7000 адамға арналған стадион, Конгресс-холл мен «Қазпошта» ғимараты. Бұл – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Түркістан облысына сыйға тартқан нысандары. Қордың қайтарымсыз негізде салып берген осы әлеуметтік маңызды орындарын енді аймақ халқы игілігіне жаратады, деп жазады jasqazaq.kz сайты.

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басқарма төрағасы Ахметжан Есімов бұның алдында тағы бір нысан облыс әкімдігіне табысталып қойғанын мәлім етті.

«Жыл басында біз алты әлеуметтік маңызы бар нысанның құрылысын бастаған болатынбыз. Олардың алғашқысы – амфитеатр жыл басында-ақ әкімдікке берілген. Енді қалған бес нысанды біз Түркістан облысының әкімдігіне ақысыз түрде тапсыруға дайынбыз. Дегенмен, құрылыс кезінде аймақ әкімдігі барынша қолдау көрсеткенін айта кетейін», — деді нысандарды тапсыру салтанатына қатысқан Ахметжан Есімов.

2019 жылдың қазанында Қор мен Түркістан облысының әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Аталған құжатқа сай Түркістан облысындағы нысандардың құрылысы басталған болатын.
Бес нысанның берері не?

Қор салып берген бес әлеуметтік нысанның аймақ үшін маңызы зор. Мәселен, халықтың рухани азығы үшін салынған Қожа Ахмет Яссауи атындағы музейдің экспозициясы Яссауи мұрасынан мол сыр шертеді. Жалпы музей аумағы 3000 шаршы метрді құрайды және 3 қабаттан тұрады.
Ал 7000 орынға арналған стадионда спорттың әр бағыты бойынша жеке-жеке зал бар. Стадион кәсіби спортшылардың дайындығына ыңғайланып салынған. Стадионның негізі футбол алаңынан, жеңіл алтелтикаға арналған жабық аренадан тұрады.

Облыстың білім саласын дамытуға үлес қосатын Оқушылар сарайы Түркістан қаласындағы балаларға қосымша білім беруге бағытталған. Нысанда зертханасы бар эологиялық-биологиялық музей, әртүрлі секциялар, роботехника, нанотехнология сияқты сыныптар бар.
Конгресс-Холл сарайы — Түркістан облысындағы осындай көпфункционалды жалғыз кешен. Конгресс-Холлда отырыс өткізетін зал, 1000 көрерменге арналған концерт зал, 1900 шаршы метр аумақты алып жатқан көрме алаңы бар.

«Қазпошта» АҚ-ның облыстағы жаңа әкімшілік бөлімшесінің бірінші қабатында 50 шаршы метрді алып жатқан «цифрлық кеңсе», сәлемдемелер супермаркеті орналасқан.

Өз кезегінде облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аймақтың гүлденуіне зор үлес қосып отырған Қорға алғыс білдіре отырып, Түркістан аймағын дамытуға қосылатын үлес туралы жаңа меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, «Самұрық-Қазына» қоры облысты газдандыру, ақпараттық коммуникация тарту салаларында да бірқатар жобаларды іске асырып отыр. Бұдан өзге, Қор 2019 жылы жарылыстан зардап шеккен Арыс қаласын қалпына келтіруге атсалысып, 16 мектепті, 36 балабақшаны, 8 денсаулық сақтау, 4 спорт нысанын жөндеді.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде