jasqazaq.kz

«Самұрық-Қазына» спорт клубтарын тікелей қаржыландырмақ

07 қазан 2020, 10:30

«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «Астана» президенттік кәсіби спорт клубын тарату туралы шешім қабылдады. Ал оның құрамына кіретін спорт клубтары тікелей қаржыландырылмақ. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бас директорының орынбасары Асқар Баталов бүгінгі онлайн-брифингте мәлімдеді, деп хабарлайды Jasqazaq.kz.
А.Баталовтың айтуынша, спорт клубының құрамына кірген спорт клубтарын қаржыландыру тәртібі өзгертілді.
«Астана» футбол клубы, «Астана» баскетбол клубы, «Барыс» хоккей клубы және «Astana Pro Team» кәсіби велокомандасы өз жұмысын жалғастырады және тікелей «Самұрық-Қазына» қорынан тікелей қаржыландырылатын болады», – деді ол.
Бұдан былай аталған спорт клубтарының құрылтайшысы «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры болады.
Таратылатын ПКСК бұрынғы басшысы Асқар Баталов «Samruk-Kazyna Trust» қоры бас директорының спорт мәселелері жөніндегі орынбасары ретінде қызметін жалғастырып, аталған спорт клубтарының жұмысына жетекшілік етеді.
«ПКСК таратудағы мақсат – көп деңгейлі есептілік пен қаржылық қызметті, сондай-ақ әкімшілік және басқарушылық құрамға жұмсалатын қосымша шығындарды жою», – деді Асқар Баталов брифингте.
«Астана» ПКСК 2012 жылы спортқа мемлекет тарапынан қолдауды күшейту, Қазақстан мен оның астанасының әлемдік аренадағы оң имиджін нығайту, салауатты өмір салтын насихаттау мен жоғары жетістіктер спортын дамытуға ықпал ету мақсатында құрылған болатын.

03 тамыз, 18:34
OPEC+ квотаны көбейтті. Енді мұнай тасымалы тоқтамасын деп тілейік!
31 шiлде, 23:19
Әскери оқу-жаттығу - елдің қорғаныс қабілетін нығайтуда маңызды фактор
30 шiлде, 16:00
Криминогендік ахуал: құқықбұзушылық азайып, қылмысты ашу деңгейі өсті
29 шiлде, 14:46
БҰҰ-ның бітімгерлік миссиясы арқылы Қазақстанның халықаралық беделі арта түсті
27 шiлде, 14:13
Цифрлық даму – ел болашағының кепілі
27 шiлде, 14:07
Терроризмге қарсы ымырасыз күрес ешқашан тоқтамайды
24 шiлде, 20:33
Шетелдік сарапшылар: Жаһандық бейбітшілікті баянды етуде Қазақстанның үлесі зор
24 шiлде, 14:03
Қазақстан - Қытай ынтымақтастығы: Білім экономикасына бетбұрыс
23 шiлде, 16:00
Әкімжан Үмбеталин: Киберқылмысқа қарсы ымырасыз күрес оң нәтижесін беруде